Ата-аналарға

                                                                                                        Құрметті ата-аналар!

   Коронвирус пандемиясына байланысты, барлығымыз  оңай емес жағдайда қалдық. Біз үшін оқушылардың білім алуын жоғалтып алмай,  сонымен бірге оларды  шаршатпай, психологиялық қалыпты және позитивті көңіл-күйлерін сақтау маңызды болмақ.

    Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қашықтықтан сапалы оқытуды  барлық қажет деп табылған мүмкіндіктерін қолданып ұйымдастыруда.  Жауапкершіліктің көп бөлігі сіздерде яғни, ата-аналарда  екенін түсінеміз. Кез- келген сұрақ бойынша сынып жетекшіңізге тікелей хабарласып немесе сынып чатына жазуыңызға болатынын ескертеміз. Қажеттілік болған жағдайда, мұғалімдердің кеңесі ұйымдастырылады.

Сонымен бірге мектептің электронды поштасына    maksimovka9@mail.ru. сағат 8.30-дан 18:00-ге дейін сенбі, жексенбіден басқа  күндері   жазбаша түрде мектеп әкімшілігінен кеңес алуға болады