"Ана тілім - асыл қазынам"

07.10.2025

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында үзіліс уақыттары ерекше көңіл күйге толы өтуде. Мектеп дәлізінде ұлттық рух пен дәстүрдің иісі сезіледі. Оқушылар үшін арнайы ұйымдастырылған ойындардың ішіндегі ең тартымдысы — «Асық» ойыны болды. Ұлттық мұрамыздың ажырамас бөлігі саналатын бұл ойынға кіші сынып оқушылары да, жоғары сынып оқушылары да белсене қатысты. Дәстүрлі ойынды ойнау барысында оқушылар шапшаңдық пен дәлдікке үйреніп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттырды.

Просмотров: 468


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу