Шабыт сыйлаған күзгі бал

24.10.2025

Бүгін мектебімізде дәстүрлі "Алтын күз" мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өтті. Мерекеге 5–7-сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өнерін және дайындық деңгейін көрсетті. Әр сыныптан ерекше сәнмен киінген Күз ханзадасы мен ханшайымы сайысы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар күзгі сән көрсетілімі, көркем сөз оқу, ән мен би орындау сияқты түрлі номинациялар бойынша бақ сынасты. Барлық қатысушылар мерекеге үлкен жауапкершілікпен дайындалып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Нәтижесінде:
🏅 І орын – 5 "А" сыныбы
🏆 Бас жүлде – 6 "Б" сыныбы

Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. "Алтын күз" мерекесі оқушылардың өнерін, ұйымшылдығын және эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған әсерлі шара болды.

Просмотров: 421


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу