Жасанды интеллекттің көмегімен оқыту тиімділігін арттыру

10.11.2025

Бүгін 10 "А" сынып оқушылары Жұман Әліби, Елемесова Дилара және Қызбелбаева Мадина "Жасанды интеллекттің сабақ оқуға көмегі" тақырыбында өз жобаларын таныстырды.
Оқушылар мектептің педагогтеріне зерттеу жұмыстарын ұсынып, жоба мазмұны мен нәтижелері туралы ой бөлісті. Кездесу барысында ұстаздар тарапынан жобаны жетілдіру мен ары қарай дамытуға қатысты бірқатар пайдалы ұсыныстар берілді.

🔹 Бұл кездесу оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттырып, жаңа технологияларды білім беру үдерісінде қолдануға қызығушылығын арттырды.

       

Просмотров: 222


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу