Ұстаз жүрегінің бояулары» – арт-терапия сабағы

10.11.2025

Бүгін, 10 қараша күні, «Эстетикалық пәндер онкүндігі» аясында мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жуманбаева С.Т. ұстаздарға арналған ерекше арт-терапия сабағы – «Ұстаз жүрегінің бояулары» өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттыру, рухани сергіп, ішкі үйлесім табуына жағдай жасау болды. Қатысушылар түрлі түстер мен бейнелер арқылы өз сезімдерін еркін жеткізіп, бойларындағы позитивті энергиямен бөлісті.

Бұл арт-терапия сабағы ұстаздардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын нығайтып, кәсіби шабыттарын оятқан рухани әдемі сәтке айналды.

   

Просмотров: 235


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу