Тәтті жәрмеңке

14.11.2025

12-қараша күні мектебімізде ерекше көңіл күй сыйлаған «Тәтті жәрмеңке» өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бірлік пен достық қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар еңбектің қадірін ұғындыру болды.

Жәрмеңкеде оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен әзірлеген түрлі тәтті тағамдар  ұсынды. Үстелдер әсем безендіріліп, әрбір сынып өз бұрышын ерекше ықыласпен дайындады.

«Тәтті жәрмеңке» оқушылардың ұйымшылдығын, талғамын және эстетикалық мәдениетін арттырған тамаша іс-шара болды. Барлық қатысушылар өз еңбегінің жемісін бөлісіп, мейірім мен жылулыққа толы күн өткізді.

Просмотров: 239


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу