Мектепішілік семинар-практикум өтті

26.03.2026

Бүгін мектебімізде «Мұғалімнің кәсіби имиджі және беделі» тақырыбында мектепішілік семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – педагогтердің кәсіби әдебі мен имиджін қалыптастыру, педагогикалық қарым-қатынастағы мәдениетті арттыру және тәжірибе алмасу болды.

Семинар барысында қатысушылар тіркеуден өтіп, мектеп психологы Джусупова Ляззат Кульбаевнаның ұйымдастыруымен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі өткізілді.

Іс-шараның мазмұнды бөлігінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы Есбосынова Айнаш Куанышовна «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасап, мұғалім әдебінің маңыздылығына тоқталды.

Математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Кикимова Гульнар Рашидовна «Әдеп – табыстың кілті» тақырыбында сөз сөйлеп, ұстаз мәдениетінің кәсіби жетістікке әсерін атап өтті.

Биология және химия пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Паршакова Анна Александровна «Рұқсат етілген шектер: тәрбие этикасы даулы жағдайларда» тақырыбында педагогикалық этиканың күрделі жағдайлардағы рөлін талқылады.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Немцова Марина Александровна «Мұғалімнің кәсіби имиджі мен беделі» тақырыбында баяндама жасап, мұғалім тұлғасының қоғамдағы орны мен беделін арттыру жолдарын ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жүргізілді. Семинар-практикум педагогтер үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болып, кәсіби дамуға серпін берді.

Паршакова Анна Александровна /public/files/2026/3/27/270326_151514_doklad-pedetika-2603-parshakova-aa.pptx

Немцова Марина Александровна /public/files/2026/3/27/270326_151553_modernteacherauthority-1.pdf

Просмотров: 369


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу