«Мың бала» олимпиадасы өтуде

02.04.2026

2026 жылдың 1 сәуірінен бастап  мектепте «Мың бала» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылып, өткізілуде. Аталған олимпиада оқушылардың білім деңгейін арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

Олимпиада кезең-кезеңімен өткізіліп, оған мектеп оқушылары белсенді қатысуда. Бүгінгі күнге дейін бірқатар сыныптар қатысып, өз білімдерін сынақтан өткізді. Оқушыларға барлық қажетті жағдайлар жасалып, олимпиада талаптарына сәйкес ұйымдастырылуда.

Іс-шараның өткізілу барысы мектеп әкімшілігінің бақылауында.

Просмотров: 260


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу