«Алтын сақа» олимпиадасындағы сәтті жетістік

15.04.2026

Көкшетау қаласында өткен 3–4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебіміздің 4 «Б» сынып оқушысы Аханов Адильхан қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Оқушыны байқауға дайындаған жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Немцова Марина Александровна.

Аталған жетістік білім алушының математикалық қабілетінің жоғары екенін, сондай-ақ педагогтің кәсіби шеберлігі мен сапалы даярлық жұмыстарын көрсетеді.

Мектеп ұжымы жеңімпаз оқушы мен жетекшісін жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді.

/public/files/2026/4/15/150426_174344_3-4-altyn-saa.pdf   /public/files/2026/4/15/150426_174356_spisok-uchastnikov-altyn-saa-3-4-kl-obl-etap.pdf

Просмотров: 288


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу