Мектепте жас мамандар апталығының ашылуы

20.04.2026

Бүгін мектебімізде жас мамандар апталығының салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шара жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Апталық аясында жас мамандар апта бойына ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік сағаттары мен түрлі тәрбиелік бағыттағы жұмыстар өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану және педагогикалық қолдау көрсету мақсатында әдістемелік кездесулер ұйымдастырылады.

Бұл апталық жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, олардың педагогикалық қызметтегі белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Просмотров: 220


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу