“Эмоцияны тап” атты көңілді үзіліс өтті

23.04.2026

Бүгін екінші үлкен қоңырау кезінде, сағат 11:05-те мектеп кітапханасының алдында оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында “Эмоцияны тап” атты көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қажымханұлы Дастан Қажымханұлы өткізді.

Шара барысында оқушылар түрлі эмоцияларды қимыл-қозғалыс, мимика және ишара арқылы бейнелеп, басқа қатысушылар сол эмоцияларды табуға тырысты. Ойын оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Көңілді үзіліс барысында оқушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатты. Осындай танымдық әрі қызықты іс-шаралар оқушылардың мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырып, жағымды атмосфера қалыптастыруға септігін тигізеді.

Просмотров: 187


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу