«Эстетикалық пәндер» онкүндігінің ашылуы
28.09.2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте мектебімізде «Эстетикалық пәндер» онкүндігінің ашылуы өтті. Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтер онкүндіктің мақсат-міндеттерімен және жұмыс жоспарымен таныстырылды.
Онкүндік аясында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, белсенділігін арттыру және шығармашылық, зияткерлік, спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында үлкен үзілістерде түрлі ойындар мен сайыстар өткізу жоспарланған.
Ашылу күні жоғары сынып оқушылары арасында Калашников автоматын бөлшектеу және жинау сайысы ұйымдастырылды. Қатысушылар алғашқы әскери дайындық сабақтарында меңгерген білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, шапшаңдық пен ұқыптылықтарын танытты.
Орта буын оқушылары арасында «Асық ату» ұлттық ойыны өткізілді. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, мергендік пен ептілік дағдыларын көрсетті.
Онкүндік іс-шаралары оқушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық қарым-қатынас пен ұйымшылдықты нығайтуға бағытталған.