Сыни ойлау және философия бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті

05.10.2026

2026 жылғы 5 қазанда мектебімізде 9–11-сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа барлығы 11 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар ағылшын тіліндегі философиялық мәтін негізінде әзірленген тапсырмаларды орындап, ақпаратты талдау, тұжырымдарды бағалау және логикалық ойлау дағдыларын көрсетті.

Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша 5 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.

Келесі кезеңге өткен оқушыларымызды құттықтап, аудандық олимпиадада сәттілік тілейміз!

Просмотров: 221


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу