Ауыл олимпиадасының аудандық кезеңіне 20 оқушы жолдама алды
05.10.2026
Ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі қорытындыланды. Нәтижесінде мектебіміздің 20 оқушысы аудандық кезеңге жолдама алды.
Олимпиаданың ІІ — аудандық кезеңі 2026 жылғы 7–9 қазан аралығында өтеді. Оқушылар өздері іріктелген пәндер бойынша төмендегі кестеде көрсетілген күндер мен уақытқа сәйкес қатысады.
Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінен қатысушыларды олимпиада кестесімен алдын ала таныстырып, дайындық жұмыстарына қолдау көрсетуді және олардың белгіленген уақытта қатысуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Аудандық кезеңге өткен оқушыларымызды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!
Просмотров: 283