Педагогтеріміз «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына қатысты
Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.У. Дахай және А.Х.Кунглимжайев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Алпысхан «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысып, қатысушы сертификаттарын алды.
Байқаудың аймақтық кезеңін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырды.
Осындай кәсіби байқауларға қатысу педагогтерге тәжірибе алмасуға, шығармашылық ізденістерін дамытуға және оқытудағы жаңа идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұғалімдердің кәсіби белсенділігі мен үздіксіз ізденісі білім беру сапасын арттыруға, сабақ мазмұнын байытуға ықпал етеді.
Әріптестерімізді құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!