Мектепте оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді

15.10.2026

2026 жылғы 14 қазанда мектебімізде үшінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — төтенше жағдай кезінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және мектеп ғимаратынан шығу тәртібін пысықтау. Жаттығуға оқушылар, пән мұғалімдері және техникалық қызметкерлер қатысты. Оқушыларға дабыл сигналын естігенде сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауларын орындау, ғимараттан асықпай шығу және бастауыш сынып оқушыларына алдымен жол беру ережелері еске салынды. Ғимараттан шыққаннан кейін оқушылар өз сыныптарымен бірге мектеп ауласында қатарға тұрды. Осындай оқу-жаттығулар қауіпсіздік ережелерін меңгеруге, жауапкершілікті арттыруға және төтенше жағдайда бірлесіп әрекет етуге үйретеді. Ұйымдастырушы бастапқы әскери дайындықтың ұйымдастырушысы Ә.М.Есілбай.

Просмотров: 205


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу