«Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті

16.10.2026

2026 жылғы 16 қазанда «Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға 10–11-сынып оқушылары қатысып, математикалық және логикалық есептерді шешу арқылы өз білімдері мен қабілеттерін сынады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, күрделі есептерді шешу дағдыларын жетілдіру және математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.

Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау, талдау, салыстыру, тиімді шешім қабылдау және математикалық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетті.

Мұндай зияткерлік сайыстар дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жоғары нәтижелерге ұмтылуына мүмкіндік береді.

Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз және алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!

Просмотров: 189


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу