Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы
20.10.2026
«Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары 2026–2027 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысты.
Олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің 9–11 сыныптарынан 20 оқушы 10 пән бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
-
Ренатқызы С. – 9-сынып, ағылшын тілі пәнінен ІІ орын, мұғалімі Сулейменова Г.О.;
-
Колчин Д. – 10-сынып, биология пәнінен ІІІ орын иеленді, мұғалімі Паршакова А.А..
Сонымен қатар бес оқушымыз олимпиадаға қатысып, сертификаттарға ие болды.
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасы – білім алушылардың пәндік білімдерін тереңдетуге, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған маңызды білім сайысы.
Олимпиадаға қатысу оқушыларға өз білімдерін бағалауға, тәжірибе жинақтауға және алдағы зияткерлік сайыстарға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Жүлделі орын иегерлерін құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы білім сайыстарында табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға және оларды дайындаған пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!